Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
177
ТІРІ БОЛСАҢ КІСІЛІККЕ ЖАРАДЫҢ
Тірі болсаң кісілісікке жарадың,
Енді өзінді сын үстінде санағын.
Кісілер мен кісі сымақ жаңдардың,
Айырмасы аспан-жердей, қарағым.
Жоғалмайды задында бар кісілік,
Жүрсін мейлі көрер көзге кішіріп.
Кісілікті мансап көріп, мал көріп
Өткен-кеткен талай сорлы ісініп.
Жасандылық жараспайды жақсыға,
Шындық деген тәтті де емес, ащы да.
Кісілігің болмаса егер, қарағым,
Жарамайсың басшы түгіл қосшыға.
Бақыт келіп қонар болса басыңа,
Кісілігім осы екен деп тасыма.
Кісілігің болса бойда көрінер,
Асыра да алмассың сен жасыра.
Жағымпаз бен жандайшаптан сый көріп,
Адал жаннан жиреніп те именіп.
Әділетті басар болсаң табанға,
Ең алдымен мына біздер күйредік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇