Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
131
ШҮБЕРЕК
Кімнің тасы жүріп тұрса бұл күні,
Бола білген майлығы да, сулығы,
Жарап жүрген астарға да, тысқа да,
Бір өзіне жетіп жатыр қулығы.
Болғанымен торқалардың қиқымы,
Ел-жұртына кетіп қапты сүйкімі.
Осы емес пе көпті көрген қазақтың:
«Жақсыдан да жаман туар!» – дейтіні.
Жалт-жұлт етіп жылтыраса кім ерек,
Жібекті де жүн қылады деген ек.
Кеше ғана өңі тəуір мата еді.
Бопты бүгін умаждалған шүберек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇