Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  142


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бал арасы секілді

Бал арасы секілді
Елге балын сыйлаған,
Ағаштардың не түрлі
Жемістерін жинағам.
Қыр төсінде құлпырған
Алма ағашы келісті.
Қолға аласың нұр тұнған
Жаңа піскен жемісті.
Тамыры су ішкенде
Шөлі қанбай, бір ұрттап,
Жемістері түскенде
Мұңаяды ымыртта.
Таң сəулесін көргелі
Көкке ұмтылған гүлге ұқсап,
Ең бақытты күндері –
Жемістерін берген сəт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу