Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  78


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Түнім менің!

Түнім менің!
Бөлеп едің нұрға сан,
Туар екен сəулеге ұқсас жыр қашан?
Білер ме едім жарық күннің қадірін
Жердің бетін өстіп жауып тұрмасаң.
Қараңғыда пайда болып нұрлы ағын,
Қара бұлттай тұтасады сыр қалың,
Найзағайдай жарқылдайды, от ойнап,
Түнді тіліп шұғылалы жырларым.
Мезгілінен ерте келген көктемде
Ол жаныма шуақ сеуіп кеткен бе?
Бар адамдар риза болып қалса екен
Нөсерімді құйып-құйып өткенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу