Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  283


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ТҮРЛІ ТҮСТЕР

Түрлі сəуле. Қызыл жарық, ақ жарық,
Келе жатқан қараңғыны қақ жарып.
Күлгін, қоңыр,сары, қара жəне көк,
Көрген сəтте қарайды жұрт таң қалып.
Тыңда, ойшылым, кітапты құр кемірме,
Бос сөздерге кеуде керіп, елірме.
Ақ түс басқа жарықтардың қоспасы,
Ол адалдық белгісі ғой өмірде.
Жек көрсем де қара түсті арада,
Қайтем енді? Онсыз, бірақ, бола ма?
Нұр түспейтін көлеңкелі жерлерді
Санаймын мен дəл осындай қараға.
Сырт көздерге аққа қара, қараға ақ,
Бір біріне үйір болған секілді.
Ақ нəрсені кетпеуі үшін қаралап,
Қара түске жоламауға бекіндім.
Ақ түс үшін басқаларын қияр ем,
Күйе жұқса киіміме жылап ем,
Ал кіршіксіз ақ қағазға мына мен,
Өлеңді де жазам қара сиямен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу