Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  222


Автор: Ақылбек Шаяхмет

АҚСАҚАЛҒА

Ақсақал!
Құттыбай екен есіміңіз,
Құт болып арта берсін несібіңіз.
Ұлы той – құрылтайым құтты болсын,
Артықтау кетіп жатсам, кешіріңіз.
Ана тіл анамыздың сүті емес пе,
Атажұрт атамыздың құты емес пе,
Бұл тойға сан тараптан ағылған жұрт
Жараны ойсыраған бітемес пе?!
Əлі де қуанышқа кенелерміз,
Арманның шуағына бөленерміз.
Түріктен қанша қызық көрсеңіз де,
Өрбісін атажұртта немереңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу