Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  105


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көрсетпесең елге көмек....

Көрсетпесең елге көмек,
Өңеш жырту – құр далбаса.
Бола алмайсың елден ерек,
Қалтаңде егер дым болмаса.
Шүйгін алқап кімге керек,
Төсінде оның төл болмаса,
Алтын астау кімге керек,
Ішінде оның жем болмаса.
Бос жұбату кімге керек,
Ішкен дəрі ем болмаса,
Жалған мақтау кімге керек,
Айтқан сөзі шын болмаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу