Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  143


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қой жылының қорықтығы

Алыстағы арманның шолып шыңын,
Мен келемін желбіреп жорық туым.
Саптаяғын сананың сары белде,
Қой жылының жасаймын қорықтығын.
Сапарымда сан бөгет жолықтырдым,
Қыранымды қиянда зорықтырдым.
Бітіре алсам бірдемде бірер өлең,
Жасадым деп білемін толық бір күн.
Сəлем айтып музаға ұшқан құстан,
Сөз іздеймін Абайдан қашқан-пысқан.
Мен жыласам, жылаймын өлең үшін,
Мұң дегенің туады мұқтаждықтан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу