Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  91


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Бұрыштама

Қозғалыста атойлап ту ұстайтын,
Майлы басын жіліктің уыстайтын.
Бір дұйжаңым1 бар еді мені ылғи,
Жұмысына басқаның бұрыштайтын.
Ала жаздай жүргендер тамаша ғып,
Буыменен қағаздың маған шауып.
Жақсы отынға баста – деп көлгірсісе,
Қалушы едім недəуір аласарып.
Жүрсем-дағы еңбектен қарасан боп,
Қажетіне халықтың жарасам деп.
Кезім ғой ол «күні үшін күлік жеген»,
Ар-намысым араға араша боп.
1 Отряд бастығы, бригадир.
Келді бір күн кеңсеге сол бастығым,
Жылдар тонап əкеткен өр жастығын.
Бақыр дəмін бір татқан күндерді айтып,
Бұлдап отыр жақсы өткен жолдастығын.
Сөздерінің мақұлдап дұрыс жағын,
Аңқылдадым мен оған қырыспадым.
Бір баласын бейімдеп қызметке,
Келді өзінше шама бар бұрыштағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу