Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  174


Автор: Болат Жетекбай

Сандуғаш сан әуенге салады, енді!

Ол күн де жақын қалды, шөл үстінде
Сандуғаш сан әуенге салады, енді!
Жейхуннан көріп сәнін егістің де
Сандуғаш сан әуенге салады, енді!
Сыбдырлап жапырағы, иіліп тал,
Бозжыңғыл, жиде ағаштар көгеріп қал!
Гүл жайнап, аймақ масаң, бойы дел-сал...
Сандуғаш сайрап әнге салады, енді!
Даланың күзетшісі керім киік,
Ішеді дария суын жаны сүйіп.
Жағадағы жасыл бақта шырқай биік,
Сандуғаш сан әуенге салады, енді!
Оңтүстік таулар жақтан соққан аптап,
Орманнан әрі өте алмай, қалар тоқтап.
Тамаша табиғатты талмай мақтап
Сандуғаш сан әуенге салады, енді!
Шөлді де көркейтеміз, жайнатамыз,
Арна бұрып, су басын байлатамыз,
Шөлейтте көк толқынын ойнатамыз
Сандуғаш сан әуенге салады, енді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу