Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
223
Жүруші ең қалқам жай күліп...
Жүруші ең қалқам жай күліп,
Отырсың бүгін қайғырып.
Жүрегің қимай, жүзіңді,
Жеттің ғой тағы тайдырып.
Жүрсің ғой білем қиналып,
Жаныңа қайғы жиналып.
Бәрі де сенен табылар,
Мінез де, көрік, ибалық.
Жүрекпен, тілсіз үндесіп,
Осылай жүрміз күн кешіп.
Жалғыздықтан жалықтым,
Өмір сүрейік бірлесіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇