Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  147


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жаулап алдың жүрегімді неліктен...

Жаулап алдың жүрегімді неліктен,
Жан емес ем бостан-босқа желіккен.
Қысқа ғүмы, мына жалған өмірге,
Тас жүрек боп жүру үшін келіп пе ем.
Сезінемін сезім барда жүректе,
Неге қайғы егіп жүрсің жүрекке.
Қаламасаң мені егер де, өтінем,
Жараланған жүрегіме жыр екпе.
Бұл сөзімді не деп кетті демессің,
Керегі жоқ ерегістің, егестің.
Шын жүректен ұнатсам да өзіңді,
Мен ешкімге басымды иген емеспін.
Жүрегімнің кетсең де бетін сырып,
Бола қоймас жабырқау көңіл сүлік.
Баяғы арман кетсінші бәрі де ойдан,
Мен өзімше көрейін өмір сүріп.
Бақытым деп айтады өзіңді кім,
Жеткілікті өзіңе өзіңдігің.
Маған сендей жолығар періште қыз,
Серімін ғой себебі, сезімі мың,
Менің де бар, кешірген, өзімдігім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу