Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  116


Автор: Әлия Дәулетбаева

Тағы да Қаройда

Көктемде келдік басыңа, келдік күзде де,
Тыныстап жатыр жан көкем теңдік іздеген.
Сергелдең болған халіңді түсінеміз деп
Жүріп келеміз біз бүгін сендік ізбенен.
Жалған дүниеде кім ұққан жан қалауыңды,
Таңғалып сізге өткіздік қаймана күнді.
Мәрттігім оған жетпейді,қалар ем, баба,
Шырақшың болып маздатып мәңгі алауыңды.
Қыста көр мейлі, жазда көр ажары қату,
Баяғы Қарой бүк түсіп бозарып жатыр.
Сән-салтанаты келіскен күмбез астында,
Қазақтың көрген қисапсыз азабы жатыр.
Сезінбесіне қоймайтын ұғынбасына,
Жетерлік азық алсын деп ғұмыр жасына.
Қайсарлығыңнан қылаудай дарыр ма екен деп,
Ұлымды ертіп кеп тұрмын бүгін басыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу