Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.05.2022
179
Сағыныш
Сен туралы үзілмес ой,
Өңімде де, түсімде.
Бақыттымын әрдайым,
Бірге болған кезімде.
Алыс кетсең сағынам.
Жаным жүдеп қамығам.
Жалғыздықтың заңына,
Амалсыздан бағынам.
Болмас менде еш көңіл,
Сұрғылт тартып бар өңір.
Жаным, маған сен жоқта,
Мағынасыз бұл өмір.
Сен де мені еске алсаң,
Сағынып, іздеп қаласаң.
Құс болып мен ұшамын,
Табылуға қасынан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter