Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  88


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Санам – аш, жүрек – мұз, шаттық – аз,

Санам – аш, жүрек – мұз, шаттық – аз,
Шағымда мазасыз тұл – күнім.
Сыйладың сиқырлы сәтті – мәз,
Өмірдің өлмеген тірлігін...
Жарты шер, жарым мұң ілесіп,
Жүргенде көңіл – күз, қыс – ішім.
Таптың да жүрекке бір есік,
Жаңғырттың жалыққан күс ісін.
Шабыт-құс шарқ ұрып ұясын
Шарлады. Тосты оны тәтті-мұң.
Әп-сәтте ұсындың сый-асыл
Кешпеген бақытым тап бұрын.
Жаз күйім беймезгіл налиды,
Біле алмай алда өмір ортағын.
Сен деген уақытым – бар игі
Жоғалып кеткеннен қорқамын!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу