Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  96


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Күту

Жүзі өтті екі жылдың ұмытпадым,
Білмеппін қадіріңді, бір ұққаным.
Өзімсіп жұлдыз-жүрек түсінбепті
Жүргенін жаның сыздап, құрып халің.
Жалықпай хабар күтіп, хат алысқан,
Екі күз, екі көктем қатар ұшқан.
Көздер де жол-жөнекей түйіспеді
Жасады тағдыр-ханы қатаң ұстам.
Ызғарлы өтті екі қыс үрген демі,
Аяды сені аңсаған күндер мені.
Әсемдеп айналаны аққу-көктем
Келгенмен менің жаным гүлденбеді.
Жүзі өтті жұп жылдың да, көрінбейсің
Күнде ойға ораласың ерінбей шын.
Әкеткен әмірімен әлемге екі
Тосыннан туған осы тегін бе-ей, сын?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу