Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2022
174
Кешегі түн
Кешегі түн,
Жүректі сілкілетіп,
Тағы жүз ой қалдырды,
Өмірдің сұрқы кетіп
Сыйлады сойқан мұңды,
Кешегі түн,
Сырымды Айға аштырып,
Есірді, ерікті алды,
Зар мен шер ойнас құрып,
Шын бақыт өліп қалды.
Кешегі түн,
Сабады санамды әбден,
Жанымды жұлқылар кеп,
Бұндайда шарам бар ма-ең?!
...Көңіл- бөз жыртылар тек.
Кешегі түн,
Қапты да мұң-абадан,
Тастады бөліктеп мың,
...Сынаққа шыдамаған,
Денемді көміп кеттім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇