Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.05.2022
164
Бір тамшы ғұмыр
Бір тамшы ғұмыр дегенім –
Бір тамшы мөлдір өлеңім.
Тамшыға тамшы қосылып,
Шүпілдеп толса шелегім.
Кілкілдеп толса шелегім,
Елге осы менің берерім.
Өлеңді сүйген адамның
Қандырса шөлін деп едім.
Бір тамшы ғұмыр – бір әлем,
Қанбаса шөлің, сұрар ең.
Құмарың қанса,
Бақыттан
Қуанып тұрып жылар ем.
Бір тамшы ғұмыр бір бақыт,
Бір жүрсе елмен, бір жатып
Қойғызбай кетсем не арман бар
Барлығын елдің жырлатып.
Пәлен деп айтар оны кім
Көкдөнен, шіркін, көңілім,
Бір тамшы ғұмыр, мүмкін, ол
Ертектей менің өмірім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇