Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  166


Автор: Аманхан Əлімұлы

Әзіл шыны аралас

I
Тіршіліктің сырына жастай қанып,
Қалдым қатқыл қалада бас байланып.
Өлмес жырмен енді мен желді ауылда,
Тұрсам шіркін тал бойым тасқа айналып.
II
Су бетінде секілді пері күлген,
Елес қашты қырмызы сері күннен.
Ерінімнен ертелеу салқын тиген,
Емде соны еркін қыз ерініңмен.
Баяу түсіп келеді кеш қабағы,
Қайталанбас осы сəт есті алады.
Жанарыңда жарқылды жалқын бояу,
Жанарымда Жиделі көшті алабы.
Мен емеспін желөкпе бос адамың,
Арманыңды арманға қоса аламын.
Қособаның бүл кезде күні өткен,
Үсіп кеткен болмаса қос анарың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу