Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  148


Автор: Сабыр Адай

Төрт-түлік

Қайтесің ақын барда құлан қағын,
Болмайды ауыл көрген ұланда мін.
Төрт түлік жібек желі, уыз қарын
Ақ жайнақ боталы қыр, құнан нарым.
Құлын тұр жанарыңды тілсіз бағып,
Ал, қане, беріңіз деп бір Сіз бағыт.
Еркелеп тойған тоқты, еділбай қой,
Ен жайлап жатып алды ырсыл қағып.
Көк өгіз қайтарады күйіс кері,
Көк əтеш көп тауыққа тиіспеді.
Ай мүйіз қарыс сақал, қара теке,
Шыбыштың маңдайынан иіскеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу