Өлеңдер ✍️
Түйнейді кейде жүрек ауырып-ай...
Түйнейді кейде жүрек ауырып-ай,
Түссе еске Ораздай дос-бауырым-ай!...
Бір кешкен Алматының ауасын да,
Бір кешкен нөсерлеген жауынын-ай...
Жастық шақ қандай қымбат
арманға асқан,
Жалындап отты жүрек алға басқан...
Үйленіп медик бойжеткендерге бізБажа боп алған едік ерте бастан...
Кезіміз алаулаған ол кезде жас,
Бибігүл мен Бақыт, сірә, группалас.
Оразым - Консерватория түлегі еді,
Өнерді өле сүйген, өмірге мас.
Талай күн, талай түндер бірге өтіпті,
Достықта рухтас ек, ірге мықты.
Бір рет «шәй» деспедік отыз жылда,
Қашанда жеңе білдік пенделікті.
Артыңда қалды ұрпағың –
Ғалымжаның,
Гүлназың, Гүлнәрің мен асыл жарың.
Гүл жайнап өсе берсін немерелер,
Қашанда қайран досым, қасымдасың.
Көңілім сен дегенде ерек еді,
Көңліңнің көп болушы ед кереметі.
Амал не, алыс қондың тым ертерек,
Сен бізге Ораз досым, керек едің...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇