Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  160


Автор: Ерлан Жүніс

Алақай

Періште маған хат алып келді,
Хат алып келді, алақай!
Есімім хатта аталып келді,
Аталып келді, алақай!
Аспан үстінен бір кісі келеді,
Бір кісі келеді, алақай!
Аспан астында тұрғысы келеді,
Тұрғысы келеді, алақай!
Аспан үстінен бір кісі келеді,
Бір кісі келеді, алақай!
Мен жайлы оның білгісі келеді,
Білгісі келеді, алақай!
Жүректе өмір сүргісі келеді,
Бір кісі келеді, алақай!
Махаббат билік құрғысы келеді,
Бір кісі келеді, алақай!
Солай деңіздер сұрағандарға,
Сұрамағанға да нұр жаусын!
Қарсы алысатын бір адам бар ма,
Бір адам болса, нұр жаусын!
Аспан үстінен бір кісі келеді,
Келмейді деме, сенбеймін!
Аспан астының күлкісі келеді,
Мен енді хабар бермеймін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу