Өлеңдер ✍️

  30.04.2022
  130


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЗАМАН ТУЫП КЕЛЕ МЕ…

Көкпар етіп тартқанда тағдыр мені,
Қайда жүрді қазақтың сан қырлы елі?!
Қай заманда қай жұрттың арлы ақыны,
Елге сыймай далаға қаңғып еді.
Құтқармақ боп жұртымды шерлі күннен,
Жауға шапқан не таптым ерлігімнен?!
Көкірегіме шер болып құйылды ма,
Терім кеппей тоқымым, терлігімнен.
Ата жолын,
Ар жолын қуынғанда,
Ыстық қаным бойымнан суынған ба.
 Ойладым ба қорғансыз қаламын деп,
Қылышымды қынаптан суырғанда.
Неге бұлай?
Сен мұны тегін деме,
Қирады ма, кім білсін, сенім – кеме.
Ай жасырған айбаты бола тұра,
Ара түспей бұғынды елім неге?!
Ей, тағдырым!
Мені енді мазалама,
Елден бөліп, жүзімді тасалама.
Билік құрған Елбасы болса ақымақ,
Жұрт та –
ақымақ басынан аса ала ма?!
Ей, тағдырым!
Тал бойым сілкінеді,
Неге менің көзімде мұң жүреді?
Ақындарын ит қосып қудалайтын,
Заман туып келе ме,
кім біледі?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу