17.04.2022
  724


Автор: Қалижан Бекхожин

НӨСЕРДЕН КЕЙІН

Ақын Қалижан Бекхожин партиямыздың ХХІІІ съезі қарсаңында «Нөсерден кейін» атты пьеса жазып бітірді. Автор негізінен тың игеру кезінде ғылыми ережелерді бұрмалаушылықты, жалаң әкімшілікке салынған даурықпалардың кейпін көрсеткен, ауыл шаруашылық мамандарының халық ырысы үшін күресін, олардың өмір тағдырындағы өзара қайшылықтары мен тартыстарын суреттейді. Сол пьесадан үзінділер жариялап отырмыз.


 


 


 


ЕКІНШІ АКТ


 


ТӨРТІНШІ КАРТИНА

 


«Тереңсор» көлінің жағасы. Жағада ақ шатыр. Шатырдың алдында химиялық аспаптар. Айша өзімен-өзі оңаша сырласқандай. Шөлмектердегі топырақтарды қарастырып, сөйлеп кетеді.


А й ш а. Осы сары топырақтардың сыры ма мені осында тартқан? Мынау көлдің түбінде алапат соғып түсірген анам жатыр. Сол өткен тағдыр ма менің көңілімді толқытқан? Әлде, басқа бір түйсік бар ма? Жар күйінішін ұмытқан едім ғой. Неменеге, кімге алаңдаймын? Сүйген жарым аспанда қаза тапты дедім-ау. Бекеш неге қадала сұрады соны? (көлге қарап өлеңдетеді. Байқаусызда Бекеш келіп тыңдап тұрады.)


 


Жанған оттай қызарып ай батады, Ай батса ауылым жай жатады.


Жанған айдан жаныма шоқ түсті ме, Қайдасың еркем, қайдасың?


 


Б е к е ш. Қандай ғажап өлең! Тура өз жаныңыздан шыққан лебіз секілді. Сондай бір сағыныш мұңына ұқсайды.


А й ш а. (ойға батып, күліп). Кімді сағынамын мен? Бұл баяғы Күлше апайдың зары ғой. Наржан ағайдан үйреніп алдым. Сондай зарлы ән.


Б е к е ш. Ғашықтық зары ғой, Айша Серафимовна.


А й ш а. Айша десең де болады, Бекеш. Ал сенде ондай ғашықтықтық зары болмаған шығар?


Б е к е ш. Болды, Айша, өкінішім де бар. Сіздің жарыңыз қапылыста әуе апатынан қаза тауыпты. Оның қайғысы бір басқа. Ал менің қасіретім бөлек, тіпті айтуға да болмас.


А й ш а. Айтшы, Бекеш...


Б е к е ш. Айтайын. Алматыда оқып жүргенде бір оқыған қызға ғашық болып едім. Ақыры опасыз екен. Жүрді, жүрді де басқа бір сылқымға жабысып кете барды. Содан кейін әйел затынан көңілім қалып еді. Қазір басымды Дүркінбаев жолдас айналдырып жүр. Махаббат туралы ойлауға уақытым да болмапты. Мамандығым механизаторлық еді, совхоздың директоры оқуға кетті де, мені уақытша директор етіп қалдырды. Жұмыс та жұмыс..


А й ш а. (таңырқай қарап) Әлі жассың ғой, махаббат отына әлі талай күйерсің.


Б е к е ш. Қалай жаспын? Қазір жиырма жетідемін. Институтты бітіргеніме үш жыл болды. Директорлық қызмет атқарып жүрмін.


А й ш а. Бәрібір, жассың, інім болдың.


Б е к е ш. Жоқ, олай демеңіз, замандас, құрбы дегендей...


 


А й ш а. Рас, қалқам, жассың. Үлкенсігенің директорлығың шығар. Әлде үлкен болуға құмармысың? Жастығың сүйкімді емес пе?


Б е ке ш. Жоқ, шенқұмар емеспін. Бірақ балаға да ұқсамаймын. Сізден бірнәрсе сұрағым келіп еді, Айша.


А й ш а. Топырақ сипаты жайында ма?


Б е к е ш. Жоқ, жаныңыздың сипаты туралы. Қаза тапқан жарыңыз жақсы жігіт болған шығар, сағынасыз ба?


А й ш а. (Қипақтап.) Иә, жақсы жігіт еді, сабаз еді... Сағынамын. (Түсін өзгертіп) Жолдас директор, Сареңіс бойындағы жаңа жыртылған егіске минералдық тыңайтқыштарды өте аз төгіпсіздер. Анализдерге қарағанда, ол маң өте құнарсыз. Және Сареңістің сортаң жағын жыртуға мен қарсымын. Лириканы қойып, осы туралы сөйлессек деймін, бастық жолдас. (Дәмелі келеді).


Д ә м е л і. Бастық мұнда екен ғой. Қазір Сареңіске жүреміз. Дүркінбаев жолдастың бұйрығын бұзуға болмайды. Берілген жоспарды орындамасаңдар, жауапқа тартамын деп безілдеп жатыр. Наржан аға қайда?


Б е к е ш. Ол кісімен бірге қазір өзім де жүрмек едім. Мұнда анализдердің нәтижесін білейін деп келіп едім...


А й ш а. Дәмелі апай, сәлеметсіз бе!


Д ә м е л і. Сәлемет пе, қалқам, Дүрекеңді айтып дүрлігем деп сені де байқамаппын-ау. Ал, жұмысың қалай?


Айша. Іске кірісіп жатырмын. Топырақтардың маңызын айырамын деп елеуішпен елегендей, сүзіп қарап жатырмын. Міне, қараңыз, (шөлмектердегі топырақтарды көрсетеді).


Д ә м е л і. Иә, нәрі бар ма өзінің, әлде әшейін бір шаң-топырақ па?


 


Б е к е ш. Әрине, нәрі бар. Ол қырды босқа жырттық па? Былтыр да әжептәуір өнім берген. Тек қара дауылдан сақтасын де.


А йша. Сол апаттанқұтылужағынойламапсыңдар.


Б е к е ш. Ғылым жолын сақтамай, жапатармағай жырта беріпсіңдер.


Д ә м е лі. Жыртылар жер жыртылды, қазір шаңдақ егісі көктеп те қалды. Бекеш, сен Наржан ағайды машинаңмен алып бар. Қазір Сареңіске барамыз, Айша да жүрсін. Қалған сортаңды жыртамыз ба, жоқ па, – тез шешейік.


Б е к е ш. Ал мен кеттім. Айша, бірге жүреміз, мен қазір ораламын.


Д ә м е л і. Бекеш, біздің содырды көрген жоқсың ба? Бір жұмадан бері үйге оралған жоқ.


Б е к е ш. Ол батырыңыз ауданға арыз алып кетті деген.


Д ә м е лі. Тағы да ма? Абыройымды айрандай төгіп бітті-ау. Бастықсың, осыны тиып беруге шамаң келмей ме?


Б е к е ш. Өзің парторгсың, өз күйеуіңді тәртіпке шақыра алмайсың ба? Оны тайдырып-ақ жіберер едім, тек өз ыңғайыңа қарап... (кетеді).


Д ә м ел і. Әй, сойқан-ай... бетіме шіркеу келтіріп- ақ жұрттан ұялттың-ау! Өз басым да дал болып бітті. А й ш а. Дәмелі апай, сізді бақытты деп жүрсем,


тегі жұбайыңыз жайсыз кісі екен ғой.


Д ә м е л і. Басыңа келмесін, Айшажан. Жұртқа білдірмейін деп жасырып келемін. Әйтпесе...


А й ш а. Асыл басыңызды азаптап ондай қорлыққа несіне көнесіз. Мен де бір сойқанға душар болып едім, қорлықтан құтылдым, Дәмелі апай.


Д ә м е л і. Не дейді? Күйеуің апаттан өлген жоқ па еді, қалайша?


А й ш а. Өткен сырды ақтарып қайтесіз, сіздің қосағыңыз қолайлы болып кездеспепті, бірақ қалай


 


шыдап жүрсіз? Мен шыдамадым, айрылып тындым. Д ә м е л і. Ажырасуға жұрттан ұяламын. «Өзің коммуниссің,      еріңнен     айрыласың,      өнегесіз     деп партиядан шығарамын» деп Дүркінбаев та қорқытып қойды. Және сол оңбағаннан бір ұлым бар. Сол үшін көніп те келемін. Бірақ жанжалына қайтіп шыдармын, мас болып келіп, әлегімді шығарады. Іздегені дау, жала. Үйге де көп жуымайды, қайтып шыдармын. Өз басымның қырсығын айтып сенің көңіліңді бұзбайын. Ал, Айшажан, өзің өткеннің


өкінішін ойлама, өмірдің қызығын ойла. (Кетеді).


А й ш а. Жақсы әйел. Көп оқымаса да қандай ақылды. Бірақ кесірлі жанға душар болыпты. Мен бастан кешкен азапты тартып жүр екен бақытсыз. Әйел сорлы қырсық күйеуден қанша қорлық көрсе де жұртқа сездіруге ұялады. Ажырасуы да масқара көреді. Бірақ мен шыдамадым. Жарсыз өтсем де сол сойқаннан құтылдым, өкінбеймін. Әйтсе де әйел затына жалғыздық деген қандай қасірет еді. (Аспаптарымен айналысады. Қолында темір белдігі бар шатыр алдына Қиясбек келеді).


Қ и я с б е к. Айшажан! Қалқам, қалқам, кешесің бе? Ақымақтықпен...


А й ш а. Барыңыз, не деп тұрсыз?


Қ и я с б е к. Кешір, қалқам, қанішермін. Иә, мені мына темірмен бастан соқшы!


А    й    ш    а.    Жоқ,     жоқ,     тастаңыз,     қорқамын теміріңізден.


Қ и я с б е к. Ал деймін мына темірді. Соқшы мен шошқаны бастан.


А й ш а. Кештім, кештім, барыңызшы.


Қ и я с б е к. Өй, айналайын, бәсе, келші маңдайыңнан сүйейін.


А й ш а. Жоқ, барыңыз.


(Айша ағысып шатырына енеді. Байқай басып Құсан келеді).


 


Қ ұ с а н. Әй, Қиясбек, неғып жүрсің мұнда? Жесір қатынды айналдырып...


Қ и я с б е к. Сен қызық екенсің тіпті. Кешірім сұрап былайша...


Қ ұ с а н. Бар, бұл араны бензин сасытпай, тракторыңа бар! Қатын өзімдікі, өзім сөйлесемін.


(Қиясбек кетеді. Құсан терезенің сыртынан Айшаны көріп қалады. Қандай кербезденіп кеткен өзі. Бұрынғысынан да гөрі құлпырып кетіпті сайтан. Отызға келген қатын дейтін емес, бойжеткен қыз секілді. Мені жұрт алдында масқара етер ме екен бұл? Жоқ, алдымен өзім қимылдайын. Мүмкін арлы әйел ғой, жасқанар, жармасайын, жалынайын, тәуекел! (Құсан Айшаның шатырына еніп кетеді. Шатыр ішінде Айша мен Құсанды көреміз).


А й ш а. Бұл кім? Сен кім едің?


Қ ұ с а н. Айша, шошыма, мен, мен...


А й ш а. Сен, сен Құсанбысың! Қайдан пайда болдың, бұзық? Жөнел, жоғал! Көргім келмейді сенің бетіңді!


Қ ұ с а н. Айшажан, кешір! Сен ақкөңіл жан едің ғой, ұмыт бәрін. Тар жерде тартыспайық.


А й ш а. Жоқ, жоқ, сенімен сөйлеспеймін. Қайдан пайда болдың? О, тағдыр, бұл сұмға тағы кездестім бе? Әлде түсім бе?


Қ ұ с а н. Өткенді ұмыт, Айша. Бұл Сібір емес, тар жер, ауыл арасы. Сыйлы әйелсің, абыройыңды сақта! Масқара болмайық, кешір, кешір, аяғыңа жығылайын. Қуған өзің едің ғой. Менің жазығым әншейін еркелігім, қызулық мінез. Әйтпесе сені періштедей көрмеп пе едім, Айша. (Айшаның алдына иіледі). Кешір!


Айша. Арсыз, қаңғыбас! Небетіңменайтыптұрсың бұл сөзді! Сенде ар бар ма? Қалай момынсып тұрсың, ұждансыз? Есіріп алып шашымнан жұлқылаған кездерің, жала жауып балағаттап айтқан сөздерің ақ


 


сүйегіме қара таңбадай болып басылған, ұмытпаймын сұмдығыңды. Адасқан басымды сендей дүлейдің тырнағынан босатып алып едім. Қайдан келдің бұл жаққа, найсап! (Күйініп жыламсырайды).


Қ ұ с а н. Жалынамын. Айша, ойлама, ұмыт бәрін. Абыройыңды сақтағың келсе, жұртқа білдірме, әйтпесе, кетейік қайтадан Сібірге. Жөні түзу жолға өзің жетекте. Барлық теріс мінезден безейін, қайта түзелейін, сенші маған, Айша!


А й ш а. Жоқ, айтпа, сенбеймін, біржола безгенмін, сендей кәззаптан. Дәмеліні сорлатып жүрген сен екенсің екенсің ғой. Жаңа түсіндім. Бәсе, кім десем... Қ ұ с а н. Ә, Дәмелі ме? Белсенді қатын ол бір.


Оның өз кінәсі бар, директормен суық жүрісі бар. Сондықтан мен ол сайқалдың жазасын...


А й ш а. Тоқтат найсап, тілдеме Дәмеліні. Маған да солай жала жапқансың. Жөнел, қарабет! Жұрт алдында масқаралап...


Қ ұ с а н. Ә, солай ма? «Сібірде сылқым жігіттің талайын құртқан» деп өзіңді масқаралармын, шоқынды қатын, байқа, менің аянар жаным жоқ. Менен туған баланы қайда құртып келдің? Сайқал!


А й ш а. Не деп тұрсың, залым? Неткен оңбаған едің? (Булығып жылап жібереді. Бекеш кіріп келеді).


Б е к е ш. Айша, сізге не болды? Құсан, сен мұнда неғып тұрсың?


Қ ұ с а н. Алыстан келген қарындасыма амандасқалы келіп едім. Сібірде жүргенде жақсы ағасы болғанмын, ұмытпаған екен, мені көргенсін көңілі босап, жылап тұрғаны ғой...


Б е к е ш. Солай ма... мен ойлап едім...


Қ ұ с а н. Бастық жолдастар, сіздер солай ойлайсыздар, тек ойларыңыз іске ассын, көрерміз. Айша қарындасым, тағы да кездесерміз. Қош бол! (кетеді).


А й ш а. Қайдан пайда болып еді мына алаяқ!


 


(жыламсырайды).


Б е к е ш. Жыламаңызшы, Айшажан! Не деп кетті әлгі соғынды? Түсінбеймін. Сіздей ару жанды жылатқан бұл Құсаныңыз кім еді? Айшажан, көтерші басыңды. Айтшы маған бәрін..


А й ш а. Қалқам, Бекеш, аяшы мен бейбақты...


Бар сырымды ашайын... (Бекеш аймалайды).


 


Шымылдық.


 


 


 


 


ҮШІНШІ АКТ


 


Алтыншы картина


 


Совхоз қалашығы. Панорамада жаңа салынған үйлер.


Дәмелінің үйі. Бау-бақты кең ауласы, верандасы бар. Үлкен үйдің жарым-жартысы көрінеді. Терезе алдында телефон. Көріністер аула мен үйге алмасып отырады. Бөлме ішінде әлденені іздеп жалғыз Құсан жүр.


Қ ұ с а н. Дүниеде қатындардың тыққан нәрсесін табудан қиын іс көрмедім. Қайда ғана тықты екен? (Әбдірені, гардеробты шапшаң ақтарып қарайды). Әлгі қатын кассадан мың сом алып еді, қайда ғана тықты екен? Тауып алып зытып тұрсам ба екен? Айтпақшы, баламды қайтем? Қайда жүр, жүгірмек өзі? Оны да тыққан ғой? Мейлі, «бала белде, қатын жолда», қой бағып, байбалам арыз жазып босқа жүрем бе, мынау қырсық далада. (Буфеттен арақты алып жұтып жібереді). Өзегімді өртеуін-ай, өзіме де сол керек. Тоқта. Ақыл, міне, енді кіре бастады. Жоқ, мен қайдағы бір кәззап құсап қашып кетпеймін, екі қатыннан бірдей айырылып қашатын жындымын ба? Әлі де жармасып көрейін, табынған егіндері дауыл соғып талқан болды. Енді өздерінің де естері шыққан шығар (Телефон шылдырлайды. Құсан телефонды тыңдайды.) Тыңдап тұрған Құсан Бүйрекбаев, яки парторгтың байымын. Өзің кімсің?


Т е л е ф о н д а у ы с ы. Танымай тұрсың ба? Дүркінбаевпын. Қайда әлгі белсенділерің? Кеңсесінде неге жоқ?


 


Қ ұ с а н. Сәлеметсіз бе, Дүреке? Даусыңыз қатайып шығады ғой, Дүреке. Неге ашуландыңыз, Дүреке?


Т е л е ф о н д а у ы с ы. Қысқарт сөзді. Белсенділер қайда деймін?


Қ ұ с а н. Белсенділердің берекесі қашты, Дүреке. Бекеш бастығымыз Айша деген бір сайтанға ғашық болып, басы айналып жүр еді, үш мың гектар егінді дауыл соққаннан кейін мүлде адасты. Біздің қатын яки парторгіңіз мені тастап басқа бір байға тигелі жатыр. Наржан ба? Ол сабаздың баяғы әкесі Арыспай секілді күніне бір бағыланды сойдырып, жайлауда жатса керек. Жағдай осылай, Дүреке.


Т е л е ф о н д а у ы с ы. Солай ма, сазайын тарттырармын бәрінің. Екі сағаттың ішінде барлығы жиналып әзір тұрсын. Өзім барамын. Прокурорды ертіп барамын. Дауыл жыққан егін үшін, жыртылмаған жер үшін зиянкестерді жауапқа тартқызамын, білдің бе? Әй, тоқта, өлкемізге Құрекең келетін болыпты. Сол кісі келгенше «Тереңсордағы» бассыздарды түйгіштеп алайын. Жина бәрін.


Қ ұ с а н. Кім келеді дейсіз? (телефон тоқталады). Құрекең дей ме, е, білдім мықтының өзі екен ғой. Бәсе, ақбасым домалаңдап тағы да келсінші, домалақ арызды қалтасына түйдектейін бір.


 


* * *


Қ ұ с а н. (Ақдәулетке). Отағасы өзіңіз келіп қалғансыз ба? Жақсы келдіңіз. Сізді Дүрекең іздеп жатыр еді.


А қ д ә у л е т. Алдымен сені іздеп келдім. Сен бері келші.


Қ ұ с а н. Ал, ауыл ақсақалы, не бұйырасыз?


А қ д ә у л е т. Сен тәлкекті қой. Тыңда. Мен білетін Бүйрекбай қудың баласы едің. Әкең баяғыда...


Қ ұ с а н. Әкеме жауап бермеймін, ол заман өзгерген. Отан үшін төрт қабырғамды беріп келген маған


 


ондайды айтпаңыз. Нервім шыдамайды. Конкретно.


А қ д ә у л е т. Ия, заман өзгерді, бірақ бөлтірік болып туып едің, бөрі болып өсіпсің.


Қ ұ с а н. Ақсақал, кінәмді айтыңыз. Босқа балағаттауға хақыңыз жоқ.


А қ д ә у л е т. Сонау Сібірде содырлықпен Айшаны қорладың. Мұнда түлкідей жылмиып келіп ең, енді Дәмелінің абыройын айрандап біттің. Жала арыздар жосытып, арамызға іріткі салдың.


Қ ұ с а н. Ақсақал, мұныңыз бәрі жала!


А қ д ә у л е т. Тоқта, сөйлеме! Сенің содырлығыңа шек бар ма, әлде сазайыңды беретін кез жетті ме?


Қ ұ с а н. Отағасы, сабыр етіңіз, отырыңыз. Бәріне де заң бар, жөн бар. Алдымен Айша жайында сіз бейхабарсыз. Ол қатынның қылмысын айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады. Ал ерлі-зайыпты адамның жарастығын тілесеңіз – ақсақалсыз, Дәмелі екеумізді татуластырыңыз. Менде кек жоқ, кешіремін бәрін де. Арыз жайында қазір Дүркінбаев жолдастың өзі келеді. Өзіне жауап берерсіздер. (Бөлмеге қарай кетеді. Наржан келеді).


А қ д ә у л е т. Сол қара дауылға кеткен егінді ойласам, өзімнің де жүйке тамырым шымырлайды. Дүркінбаев келсе мейлі, енді елпілдер жайым жоқ. Шаңдаққа егінді бұршақ дақылымен аралата егейік дегенге болды ма, күш көрсеткен өзі емес пе? Жоспар да жоспар. Міне сол жоспар отырғызды да кетті. Жұрттан ұяламын...


А қ д ә у л е т. Ал қазір Дүркінбаев келсе, осы бүліншілікке айтар дәлелің бар ма? Жыртылмаған жер туралы не демексің? Әлгі Бекештер қайда?


Н а р ж а н. Менің дәлелімді Айша айтады. Беті қайтпаған жас емес пе? Бекештер метеорология ғалымдарының тәжірибесіне көмектесіп Қараоба жақтажүр.Қайранғылымкүнсайынкереметтудырып жатыр. Аспан сырын ақтарып, жер тамырын жібітіп


 


жатқанда, ғалым сөзіне еміренбейтін қисықтарға бір дауа болмағаны ма? (Әупәс келеді).


Ә у п әс. Әлгі патшағар, не деп кетті? Құрмалдықдей ме? Расында реті бар. Жайқалып тұрған несібемізді алланың әмірімен қара дауыл жайпап кетті. Сондай әлемет енді кездеспесін деп, сірә бозқасқаны шалатын сәті келген шығар. Кәлләсін қырқайын, Ақдәулет,


«әмин» деп жібер.


А қ д ә у л е т. Ей, шалым-ай, қойшы. Немене, құдайың бізге неге өшігеді? Бар, сойсаң соя бер. Өзімнің басым қатып отырса...


Ә у п а с. Кешіріңіз, тақсыр. Онда пісмілләні айтып өзім-ақ.  (қолына пышағын алып шығып кетеді).


Н а р ж а н. (темекісін тартып жүреді де, ойға батып аспанға қарайды.) Шаңдақ аспанына тағы да бұлт қаптап қалыпты. Тағы да қара сұрапыл соғар ма екен? Әлде шөлдеп түрған сонау қалың ырысқа нұрын тамызар ма екен? Метеорологтардың бұл тәжірибесі тек сәтті болғай. Аспанға телмірмеудің бастамасы ғой бұл. Айшалар неге кешікті?


А қ д ә у л е т. Желді күні несін ұшты екен аспанға? Шаңдақтың дауылы тұрса, түйені де теңселтіп кетеді, қайықтай самолетіңді қаңбақтай аунатпасын...


Ә у п ә с. Астағпыралла, сонау Шаңдақтағы сұр бұлт қалыңдап барады. Бір ғәләмәт болмасын.


Қ и я с б е к. Тап баяғы айдаһар бұлт секілді ме өзі? А қ д ә у л е т. Жағың қарысқыр, тантымай тұр.


Н а р ж а н. Самолет көрінбей кетті, қайда жүр?


Ә у п ә с. Субхнаналла, сақтай гөр! (алыстағы бұлт түнеріп, дауыл ескендей. Музыка ырғалып ексімдей түседі. Сәлден кейін дауыл тыныстағандай болады. Настя мен Сарбастар да осы араға келеді).


А қ д ә у л е т. Дауыл басылды. Әне бұлт қаптап барады.


Н а р ж а н. Бұлт қозғалды ма, онда бұлтқа порошектерін сепкен ғой.


 


Н а с т я. Әне, жауын басталды. С а р б а с. Кәне. Настя, кәне?


Н а с т я. (иіскеп). М... алақай, жаңбыр иісі.


Сарбасқа кеттік, әйдә!


С а р б а с. Біздің участокке жауып жатыр. Қайран жаңбыр! Шарапша бір жұтайыншы. Әйда, Настя, кеттік. (Сарбас пен Настя және басқа жастар да кетеді).


А қ д ә у л е т. О, садағаң кетейін жаңбыр, кеудемді бір тосайыншы нұрыңа. (Кетеді.)


Қ и  я с  бе к. Тап менің егініме жауып тұр.


Айналайын жаңбыр. (Кетеді).


Н а р ж а н. Маған да солай қарай барған мақұл болар. Бірақ Дүркінбаев жолдас келіп қалса қайтемін? Мейлі, нөсерден кейін көрерсіз ол дүркінді де. (Кетеді.)


Ә у п ә с. Мейіріңе рахмет, жасаған алла! Дәмеліжанның мерейі үстем болсын әрқашан! Қара бұлттай түйілген Құсанға да рахым бер, тәңірім! (үй жақтан Құсан келеді).


Қ ұ с а н. Әй, шал, не деп күбірлеп тұрсың, басқалар қайда?


Ә у п ә с. Әне, бәрі сонау жаңбыр жауған егін-жайға қарай кетті. Көрдің бе анау самолетті. Ғалымдар жаңбыр жауғызды. Уә, кереметі күшті жасаған! (Кетеді.)


Қ ұ с а н. Өңшең желөкпелер! Қап, ойлағаным болмады-ау. Ей, мылқау аспан, құтыратын мінезің қайда? Сорғалауын қарашы (телефон шылдыр етеді. Құсан қуана тұтқаны көтереді). Құсан Бүйрекбаев. Сізге кім керек? Дүркінбаев жолдастың өзімісіз? Не дейсің? Дүрекең орнынан жұлынды? Кәрілігі мен науқасына байланысты... Құрекең де... ығысыпты... Әй, кім болсаң да өзің ойнап тұрған жоқсың ба? Мынауың сұрапыл соққандай суық сөз ғой. Дәмелі керек пе? Дәмеліні қайтесің? Алматыға оқуға барады?


 


Қалайша? Байының рұқсатынсыз ба? Мәссаған! (Трубканы тастай береді.) Мәссаған, безгелдек! Құрекең де тайды. Дүрекең де құлады. Қайран, домалақ шалым-ай, бытыстыруға жақсы едің... Енді Құсекең қайтер екен? Есіл арыздарымның желге кеткені ме? Айрылған қатыным алдымнан шығып. Ала сайтандай айбат шегіп ол тұр. Дүркінбаевтан именіп безе алмай жүр еді, енді Дәмелі де дауылдар. Алматыға оқуға бармақшы. Ал мен сопаңдап тағы қайда қашамын? Түрікпеннің түбіне кетемін. Жоқ, бишара құсап бұға қашпаймын, Дәмеліні жайратып, жер түбіне зытайын. (Әбдіреден ақшаны алып жатады. Кенет сахна айналып кетеді. Көктеген егіс даласы. Жаңа ғана жауып өткен жаңбыр әрі қарай ығысқан секілді. Наржан, Настя, Сарбас, Ақдәулет, Қиясбек тағы басқалар балаусадай желбіреген көгілдір алқапқа мәз-мереке болып, қуанышпен қарасуда.)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу