Өлеңдер ✍️

  03.04.2022
  122


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ОТАН ҮШІН СОҒЫСТЫҚ, ҚАН ТӨГІСТІК ЖЕР ҮШІН…

Отан үшін соғыстық, қан төгістік жер үшін,
от басы үшін соғыстық — соғыстың ең берісі.
Күрес көп қой тірлікте, соғыстың да түрі көп,
от басы үшін соғысу тұр-ау соның бірі боп.
Отан үшін, сондықтан, мылтық ұста десем мен,
от басы үшін жөн шығар күресуің көсеумен.
Бізде кейде, не шара — таңданып көр, күліп көр,
қырып кете жаздайды көсеуі бар жігіттер.
Ал, жігіттің қаншалық ер екенін шынайы,
көсеу емес, қолына найза беріп сынайды.
1969




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу