Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.03.2022
191
Ізденіс
Жеңгейлер де бар ма деп жесір қалған,
Сыздықтатып сыр тартам не сырлардан.
Тұяғынан аттардың жата қалып,
Күй тыңдаймын келешек ғасырлардан.
(Ө.НҰРҒАЛИЕВ. Қиял өрнегі. 17-бет)
Қарай-қарай қыздарға көзім талған,
Талай-талай төгілген сезім маржан.
Ары-бері алқынып, аласұрып,
Бір бұла күш бойымнан төзімді алған.
Бір бұла күш бойымнан төзімді алған,
Төзімді алған,
Есіріп есім танған.
Талай-талай есікті тарсылдаттым,
Жеңгейлерден бар ма деп жесір қалған.
Жеңгейлерді таба алмай жесір қалған
Сыздықтатып сыр тартқам не сырлардан.
Ақырында аттардың тұяғынан
Күй тыңдағам келешек ғасырлардан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇