Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.03.2022
199
Әдемі жазда...
Әдемі жазда бақ ішін
аралап жүріп екеуміз,
аңғармай мезгіл ағысын,
бел асып кеткен екенбіз.
Өмірдің әсем жыр-әнін
жүрекке жинап алыппыз;
кеудеде тулап бұлақ-үн,
жұлдыз боп түнде жаныппыз.
Сезіммен алғаш кездескен
шиырлап түнде көк төсін;
жаныппыз, досым, сезбестен
арқалап ойдың от-көшін?!
Хиялда талып көк, бесін,
қарайтын сәуле шыңдардан...
Тәтті боп тұр ғой өткесін,
ащылау еді мұңды арман...
қыркүйек, 1967 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇