Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.03.2022
144
* * *
Жүйріктердің туа салып білгені –
Оза шауып таза ауаны тілгені.
Бір тайпа елге бір ай азық болады,
Қыран құстың күні бойы ілгені.
Бұлбұл болсаң өз бағыңда күшті ән сал,
Сендей жігіт аруларды құшқан сан.
Мың тұғырдың дүбіріне татиды,
Бір тұлпардың тұяғынан ұшқан шаң.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter