Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  281


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҚАРТ АҚЫННЫҢ МОНОЛОГІ

Заты әйелге қызықпай,
Көз салмаған мен едім.
Төрт құбылам түгел боп,
Өз
-өзіме тең едім.
“Сүйдім
-күйдім” дегенге,
“Ай ақымақ!” деп едім.
Күлген едім мазақтап
“Осы ма деп өнерің?”
Білмеппін
-ау, білмеппін
Басыма сол күн келерін.
“Менмін” деген сұлуға
Менменсіген ер едім.
Жағдайымның қазіргі
Айта алмаймын теңеуін.
Ортасына түскендей,
Тасыған шаттық кемерім.
Қайтейін
-ау, қайтейін
Жер ортаға кеп едім.
Қайта айналып келер ме
Жастық шағым, кемелім,
“Сүйдім
-күйдім” дегенге
Айналып барад өлеңім.
Барлығына кінәлі
Тәкапбар сұлу сен едің..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу