Өлеңдер ✍️
Жүр едің кеше жайраңдап...
Кетере алмай қазаны,
Қайғы алды – мазамды.
Үш ұйықтасам ойда жоқ
Оқимын деген шер – елең
Бүгінгі күні азалы!
* * *
Қайрымсыз, қатал қу ажал!
О, сұм ажал! Сұм ажал!
Келгенің бе, шын ажал?!
Қабырғасын халықтың,
Қайыстырған сын ажал!
Сенбейін бе, сенем бе?
Кенбейін бе, кенем бе?
Мүмкін қалғып кеттің бе?
Жан бар шығар денеңде?...
Қимай тұрмыз, бауырым,
– Сені елді! – дегенге!!
Ақ шабақтай қайрандап,
Туған жерде сайраңдап,
Кепке сыйлап жарық күн,
Қамын ойлап халықтың,
Кеше ғана, шіркін-ай,
Жүр едің ғой жайраңдап?!
Сенерімді де біле алмай,
Сенбесімді де біле алмай,
Тұрғаным-ай, қайран қап!
Жалған осы – жалғаған,
Қас пен кезде алдаған,
Тура келсе сұм ажал,
Ешпір пенде қалмаған!
Анаңды да жалмаған
Бабаңды да жалмаған
Жақсыңды да жалмаған
Жаманды да жалмаған,
Ісіне Алланың бар ма айлаң?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter