Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
15.02.2022
166
БАЙҒЫЗ
Толған сұлу, сымбатқа,
Тау баурайы көкпеңбек.
Сонда тұрып күн батса,
Сұңқылдайды көкке өрлеп.
Байғыз үні тараған,
Мұңындай боп өңірдің.
Ет жүректі бар адам,
Елжіретті көңілін.
Жүрсе де алыс жолдармен,
Құлағыма келеді.
Өзі құйттай болғанмен,
Үні қандай зор еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter