Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
14.02.2022
241
ІНІММЕН ƏҢГІМЕ
– Құлын болсам,
Қайтесің?
– Ерттеймін де мінемін,
Сөйтіп ойнап жүремін.
– Тиін болсам,
Қайтесің?
– Жаңғағымды беремін,
Шаққандығын көремін.
– Мысық болсам,
Қайтесің?
– Ет пен сүтке тойғызам,
Миялауын қойғызам.
– Күшік болсам,
Қайтесің?
– Онда ауланы қорисың,
Мені жазбай танисың.
– Қоян болсам,
Қайтесің?
– Бірге жүріп ойнаймын,
Түлкілерден қорғаймын.
– Қасқыр болсам,
Қайтесің?
– Онда мүлде жек көрем,
Таяқ алып тап берем,
Дəлдеп атам өкпеден.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇