Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2022
185
БӨЛІНІП ҚАЛУ
Жүзінен дүниенің нұр тамады,
Ұшырып, күл ғып көкке үр – сананы.
Тетігін дүниенің бір білуге,
Пенденің ділгір қанша қылса амалы!
Жүзінен дүниенің нұр тамады,
Нұрынан кетті айырылып жыр танабы.
Жүзімен дүниенің жүздесе алмай,
Жер шұқып Жер адамы құм санады...
Жүзінен дүниенің нұр тамады,
Нұр қалпы нұрлы дүние бұрқанады.
Нұрымен нұр – дүниенің нұрлана алмай,
Қараулап қанша жүрек сырқамады?..
Жүзінен дүниенің тамады нұр,
Салғасын сайтан – нәпсі санада ығыр,
Нұрға елтіп,
Аллаһқа өзін жалғай алмай,
Көзінің жасын пенде санады құр...
Жүзінен дүниенің тамады нұр!..
2002.2.12
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇