Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  121


Автор: Құл-Керім Елемес

БАҒЫТТАЛУ

«Түрмеңде» ұста нәпсіңді,
Жанбасын десең көріңде от.
Кеудеңе қондыр ақ Түнді,
Қаламын десең Керім боп.
Жаныңды ақ Күнмен жарқырат,
Құраның болсын ұраның.
Сан жылдан соң да жарқырап,
Жарық боп десең тұрамын.
Ақ Күніңді әйбәт жақ тағы,
Сәулелеулі әппақ Жолға шық.
Мәңгілік Ғайып жақтағы,
Аллаһқа ғана бол ғашық!
2004.1.16




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу