Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  138


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖОҚ

Хақ, Сен бермей хақтық жоқ!
Хақтанудың қиыны-ай.
Тауысатын нәпсі жеп,
Пенделік қу дүние-ай!
Балам «хақ болса» екен деп,
Бар күшіңді салғанмен,
Кетіп босқа есең бек,
Бет келесің жалғанмен.
Жалған жалған анық ол,
Шындау мүмкін тағы емес.
Ақ Иеңді танып өл,
Басқаша өлу бақ емес!
Балаң соны білсе, әттең,
Қартаймас ең сақтық жеп.
Хақ ісіне бұлтақпен,
Құлға ешқашан пәктік жоқ!
2012.1.7




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу