Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.01.2022
226
Сияқты кейде анығым – елес
Сияқты кейде анығым – елес,
Көңілді күдік көсейді.
Тағдырым маған мамығын емес,
Тобылғы төсек төсейді.
Мамыққа жатсам, маужырап қалып,
Тәтті түс көріп кетермін.
Алдағы арман – тау жырақтанып,
Табыса алмай өтермін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇