Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  441


АРУЖАН ДОСМАҒАМБЕТОВА

Туған өлкем – Жаңаөзен

Болашаққа оң жолмен бастап қадам,
Өзгелерге өз жерін таптатпаған.
Киелі туған өлкем – Жаңаөзенім
50 жылдық тарихы асқақтаған.
Сағынтып, кетсе жұртың жырақ сенен,
Иісіңді аңсап, мен бір-ақ келем.
Сенде өткен балдәурен, балалық шақ,
Артық болмас, десем де «жұмақ мекен».
Самғаймын құшағыңда қыраның боп,
Жайнаймын, жайраңдаймын жыр-әнің боп.
Туған жер бір өзіңе еркелеген,
Қабылда, бір перзентім, ұланым деп.
Сезініп жылуыңды күнде сенің,
Кей кезде аң-құсыңмен тілдесемін.
Жырақты сағыныштың жайын сезбей,
Мен сенің қадіріңді білмес едім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу