Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  208


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ӘТТЕҢ-АЙ!..

...Жазған әкем, сөзіңді әсте бөлмейтін,
Өзгертпестен сол арманын, сол кейпін.
– Өлең деген тірлік пе екен,
Балам-ау,
Тілімді алсаң «зоотехник» бол дейтін!
...Алматының бір бұрышын мекендеп,
Сол ауылдан кеттік біз де бөтен боп.
...Оңашада кейде ойға батамын,
Әкем тілін неге алмадым екен деп!



Әлібек Шегебай,
«Қайран әкем білген екен бірдеңе...»,
«Қазақ әдебиеті», №36,9.09.2011.



Небір қасқа,жындыларға жақын кеп,
Нем бар еді Алматыда ақын боп?
Бір тілегім ілінбеді құлаққа,
Билік жаққа айтылса да датым көп.
Талансам да қанша «бүрге», «масаға»,
Ақындықтан тиген орын-босаға.
Кекірігім азып, әттең, жүрер ем,
Зоотехник бола алмадым,не шара?!
Сағат тілі сыртылдайды тоқтамай,
Өмірімнің өлең іздеп өткені-ай!
Жамбас мүжіп жатар едім жайлауда,
Әкем тілін неге алмадым, әттең-ай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу