Өлеңдер ✍️

  11.11.2021
  16010


Автор: Абай Құнанбаев

Абай Құнанбаев жеңіл өлеңдері


Еңбек




Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.




Түбінде баянды еңбек егін салған.




Буынсыз тілің


Буынсыз тілің,


Буулы сөзің,


Әсерлі адам ұғлына.


Кісінің сөзін


Ұққыш-ақ өзің,


Қисығын түзеп туғрыға.


Сезімпаз көңіл


Жылы жүрек.


Таппадым деп түңілмес.


Бір тәуір дос


Тым-ақ керек,


Ойы мен тілі бөлінбес.


 




 


Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.


 




Заман ақыр жастары


Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.

Өнімсіз іске шеп-шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.


 




 


Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.


 




Сегіз аяқ


Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.

Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның


 




 


Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

АЛТЫНАЙ
АЛТЫНАЙ 30.08.2025 18:08
Өте керемет
Адина
Адина 20.08.2025 13:01
Заман ақыр жастары деген өлені прям қатты ұнады?
07.03.2025 01:36
3 шумағын таппадымм
Айсұлтан
Айсұлтан 25.01.2025 11:45
Маған ен ұнағаны заман ақыр жастары
Рустам
Рустам 03.11.2024 20:41
Күшті екен апай дар Абайдын бір өлеңнің жаттап келмесе осыған кіре ғаласын
Қазыбек
Қазыбек 29.10.2024 13:20
Өте күшті өлең маған әрдайым жарыстарда көмектесті
24.01.2024 14:39
Маған 4сыныптарға арналға тақпақтар қажет еді
Әмина
Әмина 15.01.2024 21:13
Барлық өлеңі өте керемет
Іңкәр
Іңкәр 23.11.2023 12:52
Керемет екен әсіресе махаббат пен жаратқан адамзатты деген олең❤️
Тенегул
Тенегул 11.02.2023 20:01
Арлшпмтьммт ммтб

Пікір жазу