Өлеңдер ✍️

  04.11.2021
  3408


Автор: Жібек Ысқақова

Қазақстан, Отаным!

Қазақстан, Отаным! Азат елім!
Мейірімді, қонақжай, ғажап елім.
Қайрат, Ләззат, Сәбира үндеп тұрар,
Егеменді, тәуелсіз азат жерім!

Желтоқсанның ызғарын артқа салған,
Боздақтарым көздерін жасқа малған.
Сол жастардың жанымен келген жеңіс,
Азаттықтың көк туын қолға алған.

Азаттыққа отыз жыл болды міне,
Қазақстан, Отаным! Байтақ елім!
Аспанымда желбіреп көк байрағым,
Әнұранды жүрекпен айтар елім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Қантөре Аяжан
Қантөре Аяжан 14.12.2025 23:08
Күшті екен тақпақтар
16.11.2021 14:08
Рахмет сізге осылай көп өлең ойлап тауыңыз

Пікір жазу