Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.09.2021
241
Заманында нарықтың
Заманында нарықтың
Ар, абырой — бәрі пұл.
Пұлы болса қалтада,
Татымсызға да адам құл.
Капиталистік қоғамның
Артықшылығы осы.
Ұмыт болды деген сөз
Адам адамның досы.
Саналы сарғайды,
Сабырлы тозды.
Шалмайтын шалғайды
Делебелер қозды.
Нарық деп сабылып,
Ақшаға табынып,
Ақыры адамнан
Алаяқ озды.
01.03.1997жыл.
заман нарық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇