Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2021
204
Қайтып көрер қақпанды қатты жауып
Қайтып көрер қақпанды қатты жауып,
Ертеңіңнен жөнелдің қылмай қауіп
Сезбедің-ау, сірә, сен кеткеніңді
Жүрегімнің есігін бірге жауып.
Мейлің достас, мәңгіге мейлің жауық,
Сол есікке-ақ келерсің көңілің ауып.
Жапқан есікті ашарсың қолыңмен-ақ,
Жүрекке кілт аласын қайтып тауып?
* * *
Қара көзді көп айтады жігіттер,
Қара көзден емес кімдер үміткер!
Төңкерілген сол көздердің езі де
Тәуірлерін жігіттердің іріктер.
Қақпан жүрек Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter