Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2021
275
Мәңгі мұң
Мама, сені сағындым.
Сағыныштан сары үміттей жайды ұғам.
Ең бақытты қайталанбас шағымның
Тұрады өзі қайғыдан.
Мама, маған ұрысқың,
Менің мәнсіз тірлігімді табалап.
Түбін таппай дұрыс пенен бұрыстың
Сүйген кетті жаралап.
Мама, сенің ақылың
Төрешісі талғажаудай есімнің.
Сенен алыс кетіп, тапқан жақыным
Иесі мұң-кешімнің.
Мама, аппақ арманым
Адасса да, алдаса да біргемін.
Шақырғанда шын бағыма бармадым,
Өзім үздім ілгегін.
Мама, мама, ақ мама,
Әулиесі, асылы сен жандының.
Поэзия — бағым шығар, даттама,
Ал махаббат — мәңгі мұң.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇