Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.05.2021
293
Алатау ақ кеуде, ай-құлып
Алатау ақ кеуде, ай-құлып,
Ақырын еседі түн лебі.
Аспанмен бірге ол қайғырып,
Аспанмен бірге ол күледі.
Тасиды ол, бұлттарды тасиды,
Арқалап түндерден түндерге,
Түн келсе тұнжырып жасиды,
Күн келсе қуанып бұл жерге.
Білмейді ол өтірік құбылып,
Жасырмас самайда бар ағын.
Жақсы ғой осындай ұлылық
Бағатын әлемнің қабағын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇