Өлеңдер ✍️

  07.04.2021
  7180


Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

Адамдық диқаншысы

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Аяулым
Аяулым 09.10.2025 22:36
Өте керемет екен❤️?
Менго
Менго 06.10.2025 22:53
Керемет жатап алдым оңаи?
Айзере
Айзере 10.09.2025 11:32
Ашо неге жатап жатсындар?
Баян
Баян 01.03.2025 16:45
5сыныптар біледі
22.01.2025 18:48
Мен осыны жаттап алғам
Сігема
Сігема 12.09.2023 16:42
Заебалым шыгып кетты бля
Айгерім
Айгерім 10.05.2023 21:25
Керемет ??
Інжу
Інжу 29.09.2022 14:49
Ямадакудасай

Пікір жазу