Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.04.2021
701
Ғабидоллаға
Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын,
Қайдан білсін өмірдің көбін азын.
Бәйтеректі күндейді жетемін деп,
Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.
Күз келген соң тамырынтүсік шалып,
Бетегеге жете алмай болар жазым.
Мен дағы көп есіттім жастың назын,
Қол жетпеске қол созар бар ма ылажың?
«Боламынмен» жүргенде болат қайтып,
Жалын сөніп, жас жүзін басады ажым.
Ғабидолла Жазғытұрым Жауқазын Бәйтерек Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы өлеңдері Абай Құнанбайұлы шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇