Өлеңдер ✍️

  28.03.2021
  5771


Автор: Мұқағали Мақатаев

Шеше, сен бақыттысың

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ннн
Ннн 11.09.2025 20:44
Базар жоқ негізі базар бар хахахахахахах
Перизат Чо там
Перизат Чо там 10.02.2025 19:01
Емаааааааааааааа₸ааааааа
Сая
Сая 09.02.2025 22:35
Темааааааа Зор болған ?
Айғаным
Айғаным 05.02.2025 20:32
Нашар үнамады
Айзере
Айзере 28.01.2025 23:33
Керемет
Жансая
Жансая 27.11.2024 23:56
Мұқағали Мақатаев Топ Топ П адам Падам
Төреәлі
Төреәлі 10.11.2024 22:27
Мұқағали Мақатаев
09.02.2024 23:33
Рооохмммкет

Пікір жазу