Өлеңдер ✍️

  28.03.2021
  6607


Автор: Мұқағали Мақатаев

Ей, өмір

Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған, аласым да.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айсезім
Айсезім 13.11.2025 13:18
Зоор?
Айша
Айша 26.05.2025 16:40
Өте керемет әрі мағыналы
Әмина
Әмина 20.02.2025 23:43
Әлемі
Амина
Амина 13.02.2025 19:02
керемет?
Елдар
Елдар 09.02.2025 13:28
Күшті екен
Топас
Топас 08.02.2025 00:52
Мал
Көркем
Көркем 05.02.2025 22:04
Өте керемет мағыналы
Мадина
Мадина 05.02.2025 20:57
Бұл өте күшті
Гүлзат
Гүлзат 23.01.2025 00:42
Оңай екен
Жарыска терен ойлы өлең екен
Еркеназ
Еркеназ 17.09.2024 22:46
Керемет
Зере
Зере 01.02.2024 12:55
Бұл өте күшті
Жасмин
Жасмин 06.02.2023 14:19
бұл өте күшті

Пікір жазу