Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  55


Автор: Иран-Ғайып

Құдайдың

Құдайдың,
Жазған – Құлымын,
Пайғамбардың – Үмбеті.
Көп пенденің бірімін,
Мінәжаты – міндеті.
Залалы жоқ кісіге,
Сыртқа шықпай,
Іседі –
Қайғы зілі ішіме
Зәрін жая түседі.
Тістенемін,
Төземін,
Тірі жанға білдірмей –
Өртенеді өзегім,
Кірпігімді ілдірмей.
Ажалымен келіскім
Келмей,
Тілсіз тергеймін –
Аспан астын,
Жер үстін
Кезген талыс көрдеймін...
Қатып,
Қаным ұйыды,
Жүрек қабын тоздырып
Жалғыз ұлдың күйігі
Сүйек дертін қоздырып!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу