Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
40
Тарылуда заманым
Тарылуда заманым,
Таусылуда амалы:
Демі біткен ауаның
Үрпінен у тамады.
Үптеді індет ғаламды,
Күдікке үрей артылып.
Ағын суды зар алды,
Аяқ-қолы тартылып.
Тау бүрісіп бөріктей,
Құты қашқан дала – арық.
Мұзданады өліктей
Аспан көзі аларып...
Тіршілік қан күседі,
Алданар түк қалмады.
Жүрегіме түседі –
Жұмыр Жердің Салмағы!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇